Компания жаңалықтары

8 наурыз қарсаңында «Астана су арнасы» қызметкерлері: еңбегі үшін марапатталды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Астана су арнасы” кәсіпорнының бірқатар қызметкері ел Президенті мен Астана қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.


Марапаттарды кәсіпорын ұжымына Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сыздықов Ерлан Амангелдіұлы арнайы келіп табыстады.


Машинист КНС Әділханова Гүлмайра Кенжебулатқызы Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды.


Сонымен қатар, қаланың коммуналдық саласына қосқан еңбегі үшін Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты төмендегі қызметкерлерге табысталды:


Куланбаева Гүлнар Жаненовна – құрылыс-монтаж учаскесінің сылақшы-бояушысы.

Елеусізова Гүлжихан Рамазановна – сорғы-фильтр станциясының реагент дозалаушысы.

Нұрсапарова Ирина Мұратовна – кәріздік тазарту құрылыстарының ауа үрлеу машинисі.


Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, адал еңбектеріңіз және коммуналдық саладағы өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз.


Кәсіпорынның өркендеуіне қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз. Әрқашан еңбектеріңіз еленіп, марапаттарыңыз көбейе берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын!