«Астана Су Арнасы» мен «AMANAT» партиясы арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы кездесу өтті

Кездесу аясында өзара ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» және «Бақытты отбасы» сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларды мекеме ұжымына таныстыру және бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Тараптар алдағы уақытта осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.