Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Астана Су Арнасы» МКК бас директоры Абылай Аралбаевич барша ұжымды шынайы ықыласпен және ізгі тілектермен құттықтап, әрбір қызметкердің кәсіпорынның дамуына және елорданың коммуналдық жүйесінің үздіксіз жұмысына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ комитеті де құттықтау сөздер айтып, сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің маңыздылығын және мамандыққа деген адалдықтарыңызды ерекше атап өтті.
Сіздердің еңбектеріңіз — қала тұрғындарының үйлеріндегі жайлылықтың, қауіпсіздік пен тыныштықтың кепілі.
Жауапкершіліктеріңіз, жанкештіліктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Мереке құрметіне орай «Астана Су Арнасы» МКК-ның бірқатар қызметкері құрметті марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды:
Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің төсбелгісімен марапатталды:
- Бейсембаев Серікбай Жұматаұлы — канализация қызметінің шебері
- Исенов Қайрат Мұхаметқалиевич — сумен жабдықтау қызметінің жетекші инженер-энергетигі
Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төсбелгісімен марапатталды:
- Алдұнғарова Фирюза Жұманқызы — КОС-тың бас инженер-технологы
Қазақстандық Су Ассоциациясының медальдарымен марапатталғандар:
- Олексюк Андрей Иванович — канализация қызметінің слесарі
- Сыздықов Жақсылық — РСУ жөндеу учаскесінің слесарьлер бригадирі
- Аристов Дмитрий Анатольевич — сумен жабдықтау қызметінің слесарі
- Байғабұлов Төлеген Рахметоллаұлы — РСУ жөндеу учаскесінің слесарі
- Қабиева Әсел Серікқызы — сынақ зертханасының лаборанты
Алғыс хаттармен марапатталғандар:
- Қала әкімі мен оның орынбасарлары атынан
- Қалалық мәслихат төрағасы атынан
- Қазақстандық Су Ассоциациясы атынан
- Қалалық кәсіподақ ұйымы атынан
- «Астана Су Арнасы» МКК атынан
Бұл марапаттар — сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, тәжірибелеріңіздің және коммуналдық салаға қосқан үлестеріңіздің лайықты бағасы.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық және туған қаланың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!