24 жылдық адал еңбек жолы

«Астана Су Арнасы» МКК орталық диспетчерлік қызметінде 24 жыл бойы слесарь болып еңбек еткен Дюсебаев Кабдеш Альмухановичті әріптестері зейнеткерлік демалысқа салтанатты түрде шығарып салды.
Шара барысында кәсіпорын басшылығы оған көп жылғы адал еңбегі үшін Алғыс хат табыстап, шынайы ризашылықтарын білдірді. Кабдеш Альмуханович кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және еңбекқорлығымен ұжым арасында зор құрметке ие болды.
Ұзақ жылғы еңбегіңіз үшін алғыс білдіре отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, зейнет жасыңызға тыныштық пен береке тілейміз!