«Астана Су Арнасы» мини-футбол турнирінде 3-орын иеленді!

Бекзат Саттарханов атындағы кубок үшін «АМАНАТ» партиясының Есіл аудандық филиалы ұйымдастырған мини-футбол турнирі өз мәресіне жетті. Жұмысшы мамандықтар жылына арналған жарысқа Астана қаласындағы түрлі мекемелер мен ұйымдардан 20 команда қатысып, тартысты әрі жоғары деңгейдегі ойын көрсетті.
Тартысты додада «Астана Су Арнасы» МКК командасы 3-орын иеленіп, жүлдегер атанды!
Бұл жетістік – біздің кәсіпорында тек өз ісінің мықты мамандары ғана емес, сонымен қатар шебер спортшылардың да бар екенін көрсетеді!
Команда құрамында өнер көрсеткен қызметкерлеріміз:
• Сағындыков Әділхан Төлегенұлы
• Темірғалиев Нұрсұлтан Ермекбаевич
• Ахмедьянов Қуаныш Кабидуллаевич
• Абдиганиев Габит Абдулкалил углы
• Шамкеев Жанат Маратұлы
• Карпыков Айдын Жанболатович
• Уайс Мәди Зейнуллаұлы
• Абдрахманов Нұрзат Қайыркелдинович
• Тоқмырза Нұрлыбек Маратұлы
• Серғалиев Әділ Асқарович
• Саухымов Бағлан Көңбайұлы
• Нұржанов Медет Наупадинович
• Иманғалиев Ержан Саржанович
Кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымы команда мүшелерін арнайы құттықтап, ақшалай сыйақылар табыстады.
Бұл – тек марапат қана емес, сондай-ақ кәсіпорынымыздың салауатты өмір салтын, командалық рухты және әріптестер арасындағы ынтымақтастықты әрдайым қолдайтынының айқын дәлелі!
Біздің команда бұған дейінгі турнирлерде де әрдайым жүлделі орындарды иеленіп келеді. Осындай жетістіктермен мақтанамыз және әрқашан қолдау білдіреміз!
Астана Су Арнасы – тек кәсіби мамандардың ғана емес, нағыз жеңімпаздар ордасы!