Еңбекке адалдық үшін алғыс!

Бұл — олардың күнделікті еңбегіне, іске адалдығына және елорда коммуналдық секторының дамуына қосқан үлесіне деген ерекше құрмет пен ризашылықтың белгісі. Марапаттау шарасы «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК басшылығы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өтті.
Сол күні Жанбыршы Есетовичтің рухына арналған футбол турнирінің қорытындылары да жарияланды. Жеңімпаздар мен қатысушылар естелік медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай шаралар жақсы дәстүрге айналып, кәсіпорынның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі ретінде ұжым бірлігін және еңбекке деген құрметті нығайта түседі.