Компания жаңалықтары

Кәсіби жетістіктердің ресми мойындалуы!

«Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК-де Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің атынан кәсіпорын қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.

Жылы лебіздер елорданың су шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін мамандарға арналды.

 Сондай-ақ Табиғи монополиялар қызметкерлері күніне орай бірқатар қызметкерлер қосымша алғыс хаттармен марапатталды.

Мұндай ілтипаттар әр қызметкердің еңбегінің маңыздылығын көрсетіп, кәсіби қызметтегі табысқа жетуге зор ынталандыру бола алады.