Еріктілер ауыз суды тазарту үдерісімен танысты

«Астана су арнасының» ШЖК, МКК Nº1,2 сорғы-сүзгі станцияларына Жастар ресурстық орталығынын еріктілері барып, ауыз суды тазарту және оны тұрғындарға жеткізу процесімен жан-жақты танысты. Экскурсия барысында еріктілерге суды тазалау жолдары кезең-кезеңімен көрсетіліп, әрбір сатының маңыздылығы түсіндірілді. Алдымен судың табиғи көздерден алынып, сүзгіштерден өту барысы көрсетілсе, кейіннен зарарсыздандыру мен сапасын тексеру әдістері таныстырылды. Сонымен катар, мамандар ауыз судың кауіпсіздігіне жауап беретін заманауи технологиялар мен қондырғылардың жұмыс істеу принципін жан-жақты түсіндіріп өтті. Жастар сүзгінің қалай жұмыс істейтінін, судың қалайша мөлдір әрі таза күйінде әрбір отбасының үйіне жеткізілетінін көзбен көрді.
Еріктілер үшін бұл тәжірибе ерекше маңызды болды. Себебі олар күнделікті тұтынып жүрген ауыз судың сапасы мен кауіпсіздігін камтамасыз ету жолында үлкен еңбек пен зор жауапкершілік бар екенін ұғынды. Мұндай танымдық іс-шаралар жастардың қоршаған ортаға, су ресурстарын тиімді пайдалануға деген жауапкершілігін арттырып, болашақта экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді.