Компания жаңалықтары

Қызметкерлер балаларына арналған ұмытылмас жаз!

Осы жазғы маусымда «Астана Су Арнасы» кәсіпорны қызметкерлерінің 37 баласы «Звездный Бурабай» сауықтыру лагерінде демалу мүмкіндігіне ие болды. Балалардың жазғы демалысын сапалы әрі қызықты өткізу мақсатында кәсіподақ ұйымы ата-аналарға қолдау көрсетті. Жолдаманың құны екі тарап арасында тең бөлініп, 50%-ын ата-аналар, ал қалған 50%-ын кәсіподақ ұйымы қаржыландырды. Лагерь бағдарламасы спорттық жарыстарға, шығармашылық үйірмелерге, мәдени-танымдық іс-шараларға бай болды. Балалар жаңа достар тауып, табиғат аясында пайдалы демалыс өткізді.