Осы жазғы маусымда «Астана Су Арнасы» кәсіпорны қызметкерлерінің 37 баласы «Звездный Бурабай» сауықтыру лагерінде демалу мүмкіндігіне ие болды.
Балалардың жазғы демалысын сапалы әрі қызықты өткізу мақсатында кәсіподақ ұйымы ата-аналарға қолдау көрсетті. Жолдаманың құны екі тарап арасында тең бөлініп, 50%-ын ата-аналар, ал қалған 50%-ын кәсіподақ ұйымы қаржыландырды.
Лагерь бағдарламасы спорттық жарыстарға, шығармашылық үйірмелерге, мәдени-танымдық іс-шараларға бай болды. Балалар жаңа достар тауып, табиғат аясында пайдалы демалыс өткізді.