ҰЭМ комитетінің төрағасымен кездесу

Республика күні қарсаңында біздің басты қаһармандарымыз – тіршілікті қамтамасыз ету саласының қызметкерлері лайықты құрметке ие болды!
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев пен «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК бас директоры Абылай Елжасов кәсіпорынның кәріздік тазарту құрылыстарына (КТҚ) барып қайтты.
Марапаттау мен жылы сұхбат
Кәсіби шеберлік пен көпжылдық еңбектері үшін үздік қызметкерлер марапатталды. Олардың қатарында:
-
Бирюченко Дмитрий Александрович — КТҚ жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету слесарі, еңбек өтілі 27 жыл.
-
Рахимжанов Айтбай Мейрамбекұлы — КТҚ модульдік қазандық операторы, еңбек өтілі 15 жыл.
-
Қайыржанов Сайлаубек Жакенович — жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету слесарі, еңбек өтілі 16 жыл.
-
Шамсудинова Евгения Муратовна — КТҚ диспетчері, еңбек өтілі 15 жыл.
-
Тураева Раш Дмаймовна — шикі тұнбаны айдайтын сорғы станциясының құмұстағыш операторы, еңбек өтілі 10 жылдан астам.
Басшылар ұжыммен бейресми, достық жағдайда шай үстінде жылы сұхбат жүргізіп, олардың күнделікті жұмысы мен кездесетін сын-тегеуріндері туралы пікір алмасты. Бұл – қаламыздың өмірлік маңызды инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген жандарға алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі.
Сіздердің еңбектеріңізге, кәсібиліктеріңіз бен адалдықтарыңызға алғыс айтамыз! Сіздердің жұмыстарыңыз – елорда тұрғындарының жайлылығы мен әл-ауқатының негізі.