Отандық өндірісті қолдау және дамыту
Астанада отандық өндіріс әлеуетін таныстыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. Табиғи монополиялар субъектілері мен қазақстандық өндірушілер бір алаңда бас қосып, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін талқылады.
Шараға «Астана су арнасы» Техникалық директоры Райсов Арман Жакияевич қатысып, жергілікті өнімдерді қолданудың тиімділігі туралы тәжірибесімен бөлісті. Оның пікірлері инженерлік инфрақұрылымда отандық материалдарды қолданудың маңызын айқын көрсетті.
Бұл В2В алаңы өндіріс орындарының мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, жаңа ынтымақтастыққа жол ашты. Қазақстандық өнім — экономиканың берік тірегі.