ASTEL Астанада IoT жабдықтарын өндіруді таныстырды
Іс-шараға Индустрия және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова, сондай-ақ «Астана Су Арнасы» өкілдері — өнім өткізу жөніндегі бас директордың орынбасары Қанат Нұрмагамбетов пен өнім өткізу қызметі басшысының орынбасары Данияр Омаров қатысты. Қонақтар SMART-санақ құрылғыларының құрастыру және сынақтан өткізу кезеңдерімен танысты.
Шара барысында ТКШ саласын цифрландыруда қолданылатын құрылғылардың өндіріс процесі көрсетілді. ASTEL компаниясы өндірістің негізгі кезеңдерін таныстырып, қазіргі өндірістік мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.