Компания жаңалықтары

«Астана су арнасы» кәсіпорны қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жылдық мереке

Жаңа жылдық ертегіге толы таңғажайып мереке! 

"Астана су арнасы" кәсіпорны қызметкерлерінің балалары үшін арнайы Жаңа жылға арналған көңілді шара ұйымдастырды.

Балалар Аяз ата мен ертегі кейіпкерлерімен бірге шат-шадыман көңіл көтеріп, қызықты ойындар мен көңілді байқауларға қатысты 
Ал мерекенің басты сыйы – Жастар сарайының үлкен сахнасында қойылған "Ұрланған Жаңа жыл" атты әсерлі спектакль болды.

Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – біз үшін ең үлкен марапат 
Осындай жылы сәттер әр отбасының жүрегінде ұзақ сақталсын!

 Жаңа жыл баршаңызға жақсылық, қуаныш пен мол бақыт әкелсін!