Компания жаңалықтары

Қызметкерлерді марапаттау және мерейтой иелерін құттықтау

Кәсіпорынның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті
«Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК
қызметкерлерді марапаттап, мерейтой иелерін шын жүректен құттықтайды!

Құрметті әріптестер!

Бүгін біз кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен және көпжылдық адал еңбегімен кәсіпорнымыздың тұрақты жұмыс істеуіне зор үлес қосып келе жатқан қызметкерлерді ұлықтаймыз. Қаланың сенімді сумен жабдықталуы мен су бұру жүйесін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлестеріңіз үшін әрқайсыңызға алғыс білдіреміз.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады:

Наркулов Саит Салтывалдович — кәріз қызметі, кәріз сорғы станцияларын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь,
еңбек өтілі — 24 жыл.

Қазақстан су қауымдастығының
«Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталады:

  1. Салиев Зиябек Айдарханұлы—
    кәріз қызметі, электромонтер,
    еңбек өтілі — 25 жыл.

  2. Далькеев Нурлан Адалжанұлы —
    кәріз қызметі, слесарь,
    еңбек өтілі — 20 жыл.

  3. Иманов Қайрат Төлешұлы —
    абаттандыру учаскесі, слесарь,
    еңбек өтілі — 19 жыл.

  4. Тасбулатов Еркін Ануарбекұлы —
    абаттандыру учаскесі, слесарьлар бригадирі,
    еңбек өтілі — 15 жыл.

  5. Байжуманов Төлеген Амангелдіұлы —
    ОДС, слесарь,
    еңбек өтілі — 14 жыл.

  6. Чепрасов Виталий Федорович —
    кәріз қызметі, слесарь,
    еңбек өтілі — 11 жыл.

Мерейтой иелері:

  1. Жаканова Жанар Әбдіғалиқызы — өнім өткізу қызметінің жетекші маманы,
    50 жылдық мерейтойы, кәсіпорындағы еңбек өтілі — 15 жыл.

  2. Идрисова Сайран Қалкенқызы — КОС машинисі,
    50 жылдық мерейтойы, еңбек өтілі — 12 жыл.

  3. Жәкеева Гүлбақыт Нұрмұхаммедқызы — КОС тазалықшысы,
    60 жылдық мерейтойы, еңбек өтілі — 7 жыл.

  4. Смайылов Алғыса Баймұлдинұлы — ЖҚБ аға шебері,
    кәсіпорындағы еңбек өтілі — 17 жыл.

  5. Абдуғалиев Қуаныш Қабдуахитұлы — Бас механика қызметінің жүргізушісі,
    50 жылдық мерейтойы, еңбек өтілі — 7 жыл.

  6. Джумабаев Қанат Мұрсабекұлы — ССС машинисі,
    50 жылдық мерейтойы, еңбек өтілі — 3 жыл.

  7. Жамантаев Әміржан Рымбекұлы — кәріз қызметінің слесарі,
    50 жылдық мерейтойы, еңбек өтілі — 2 жыл.

Кәсіпорынның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК мерейтой иелерін шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс, тұрақтылық пен кәсіпорын мен қала игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейді!