"Астана Су Арнасы" мен " Будапештский водоканал" ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды
"Астана Су Арнасы" МКК бас директоры – Табиғат Зейнұлқабден " Будапештский водоканал" ЖАҚ бас директоры –Джъерджи Палкомен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Оның аясында кәсіпорынды жаңғыртуға байланысты бірлескен консультациялық қызметтер көрсетіледі.
Кездесу барысында Джъерджи Палконың пайымдауынша, бұл келісім шартқа қол қою келешек үшін маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар ең үздік әлемдік тәжірибе және технологиямен бөлісуге дайын екендігін атап өтті.
Өз кезегінде Табиғат Зейнұлқабден бұл келісім шартқа қол қою ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктің басы болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, бұл келісім шарт "Астана Су Арнасы" МКК Қазақстан мегаполисіндегі жетекші ұйым ретінде беделін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.