Компания жаңалықтары

Қызметкерлерге конституциялық өзгерістер түсіндірілді


Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің комиссия Төрағасы Жанділдаев Бақдаулет Болатұлы «Астана Су Арнасы» мекемесінде Конституциялық реформа бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында реформа аясындағы негізгі өзгерістер кеңінен талқыланып, оның қоғам мен мемлекеттік басқару жүйесіне ықпалы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауап алды. Ашық форматта өткен жиын өзара пікір алмасуға мүмкіндік беріп, реформаның мән-маңызын тереңірек түсінуге жол ашты.