Компания жаңалықтары

«Астана су арнасы»-да жауынгер-интернационалистерге құрмет көрсетілді

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай «Астана су арнасы» МКК әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті Отаннан тыс жерлерде әскери борышын өтеген қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады.

Бейбіт өмірде олар – қаланы сумен қамтамасыз етіп жүрген слесарьлар, жүргізушілер, инженерлер мен дәнекерлеушілер. Алайда әрқайсысының артында – жауынгерлік тәжірибе, ерлік пен антқа адалдық жатыр.

Біз әріптестеріміздің есімдерін мақтанышпен атаймыз.

Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушылары:

Киреев Ришат Амиржанович — ҚҚ инспекторы
Шарипов Болат Секенович — СГМ жүргізушісі
Байгожин Ерболат Жаканович — СГМ жүргізушісі
Бекмулдин Темиртас Аушахманович — СГМ жүргізушісі
Смаилов Темирхан Ауезханович — СГМ жүргізушісі
Безнощенко Андрей Юрьевич — КНС газоэлектрдәнекерлеушісі
Тасбағанбет Сидахмет Аманұлы — НФС электрмонтері

 Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының қатысушылары:

Смагулов Азамат Токтарович — КНС слесары
Төлеуов Айтбай Кентайұлы — СГМ трактористі
Торекулов Куанышбек Дауимбекович — КНС айналып тексерушісі
Дайрабаев Кайрат Кожамуратұлы — НФС газоэлектрдәнекерлеушісі
Муктыбаев Серик Умерзакович — КОС слесары
Елеусизов Самат Калелович — КОС шебері

Сіздерге қызметтеріңіз, қайсарлықтарыңыз және қаламыздың игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз! Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және ашық аспан тілейміз!