Компания жаңалықтары

Экскурсия арқылы жаңа білім мен әсер

Күн сайын қолданатын қарапайым судың артында қандай құпия бар екенін білесіз бе? Қ.Құлжанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің 2–3 курс студенттері «Астана су арнасына» экскурсияға келіп, осы сұрақтың жауабын тапты. Олар судың тазалану жолын бастан-аяқ көріп, оның қалаға қалай жететінін білді. Бұл экскурсия қызықты өтіп қана қоймай, студенттерге жаңа білім мен ерекше әсер сыйлады.