Компания жаңалықтары

Қоғамдық қабылдау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қоғамдық қабылдау өткізеді. Қоғамдық қабылдау 2026 жылғы 7 сәуірде сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде онлайн режимде өтеді (сілтеме: facebook.com/profile.php?id=100053800992894). Осыған байланысты, Департамент Астана қаласының тұрғындарын және басқа да мүдделі тұлғаларды қоғамдық қабылдауға қатысуға шақырады. Анықтама телефоны: 57-50-29.