«Барап» лагеріндегі ұмытылмас жазғы демалыс
«Астана Су Арнасы» қызметкерлерінің 30 баласы «Барап» лагерінде есте қаларлықтай демалыс өткізді. Қызметкерлерге қамқорлық жасау — олардың отбасыларына қамқорлық көрсетуді де білдіреді. Кәсіпорын мен кәсіподақ ұйымының бірлескен қолдауының арқасында ата-аналар жолдама құнының тек 50%-ын ғана төледі, ал қалған бөлігін кәсіподақ ұйымы өз мойнына алды. Балалар демалыс кезінде белсенді ойындарға, спорттық жарыстарға, шығармашылық іс-шараларға қатысып, балық аулап, жаңа достар тауып, көптеген жарқын әсерге бөленді. Ата-аналар балалардың демалысынан фото және бейнематериалдармен бөлісті. Балалардың жүзіндегі қуанышты күлкілеріне қарап, бұл демалыс олардың есінде ұзақ сақталатыны анық. Жазғы демалыс балаларға зор денсаулық, қуаныш және ұзақ уақыт есте қалатын жарқын сәттер сыйласын!