«Астана су арнасы» көмекке мұқтаж қызметкерлеріне қолдау көрсетуде.

Жағдайдың ауырлығын түсіне отырып, кәсіпорын басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп, қиын жағдайға тап болған және материалдық көмекке мұқтаж қызметкерлерге қолдау көрсету үшін кәсіподақ қаражатын бөлуге шешім қабылдады. Жұмысшылардың жалпы тізімі - кәсіпорынның барлық бөлімшелеріндегі қиын өмірлік жағдайда қалған көп балалы және аз қамтылған отбасылардың өкілдерін қамтиды.
Бір жолғы төлем «Астана Су Арнасы» кәсіпорнының 100-ден астам жұмысшысына 25 000 теңгеден 2,5 млн.теңге қаражат бөлінді. Әлеуметтік қолдаудың бұл әрекеті жұмысшылардың ризашылығына ие болды. Басшылыққа сорғы және сүзгі станциясының газ дәнекерлеушісі Б.К. Нұрмагамбетов, су бұру қызметінің инженері О.Н. Каптюг және бірқатар әріптестер оларға көңіл бөліп, қасиетті Рамазан айы қарсаңында көрсетілген уақытылы көмек үшін ризашылықтарын білдірді. # Бізбіргеміз