Компания жаңалықтары

«Қарызды өсімсіз төле» акциясы

Құрметті тұтынушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында «Астана су арнасы» МКК кіші және орта бизнеске жататын «жеке тұлға» санатының және «заңды тұлға» санатының сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерін пайдаланатын тұтынушылары үшін 2020 жылдың 1 желтоқсанынан 31 желтоқсаны аралығында «Қарызды өсімсіз төле» акциясын өткізеді.

Сумен жабдықтау және суды бұру қызметтері бойынша берешекті толық өтеген жағдайда, Сізде пайда болған өсімпұл есептен шығарылады. Тұтынушыларға өсімпұлды алып тастау үшін «Астана су арнасы» МКК абоненттік-есеп айырысу учаскелеріне өтінішпен және түбіртектің көшірмесімен жүгінуі қажет.