«Астана Су Арнасы» МКК-да кәдімгі бокс (ғимарат) заманауи IT кеңсесі болып қайта жаңартылды
Цифрландыру шеңберінде 2020 жылдың күзінде «Астана су арнасы» МКК-де ақаулыққа төзімділік, ауа баптау және қауіпсіздік жүйелерінің барлық талаптарына жауап беретін «Дата орталығы» орналасқан боксты (ғимаратты) қайта жаңарту жұмыстары басталды.
Сервер бөлмесін ресми түрде мекеменің «Жүрегі» деп атауға болады. Заманауи кеңсеге сай және қажетті барлық жабдықтар осы ғимаратта шоғыранған.
Арнайы құрылғылар желілердегі қысымды және сорғы станцияларының жұмысын бақылайды, сонымен қатар олар жалақыны есептейді және абоненттерге автоматты түрде су төлемдері үшін шот-фактура дайындалады, қойма қорларының есебін жүргізеді, төтенше жағдайларды тіркейді.
Барлық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету үшін сағатына 40 кВт-тан астам энергияны тұтынатын және үлкен мөлшерде жылу шығаратын үлкен есептеу қуаты қажет. Жаңа сервер бөлмесі негативті және резервтік қуат көзімен қамтамасыз етілген, құрылғылардың істен шығуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Кез-келген заманауи серверлік жабдық сапалы қызмет көрсету үшін кем дегенде үш шартты қажет етеді:
үздіксіз электр көзімен жабдықтау;
тұрақты климаттық жағдайлар;
Интернетке тұрақты кепілдендірілген байланыс.
«Дата орталығында» кәсіпорынды автоматтандыруға жауапты мамандар жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, ғимаратта сақтау бөлмелері мен аспаптар зертханасы орналасқан.
Еске сала кетейік, жабдықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және деректердің жоғалуы немесе тоқтап қалу қаупін азайту үшін заманауи «Дата орталығы (сервер бөлмесі)» қажет.