«Астана су арнасы» МКК-де 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың су
көрсеткіштерін беру кезіндегі құқық бұзушылықтарды болдырмайтын мобильді топ
құрылды.
Күн сайын моншалар, сауналар, көлік жуу орындары, кафелер, мейрамханалар және тағы
басқалар мобильді топтың қарауына түседі, бұл су құбырына заңсыз қосылуды
болдырмау, су ұрлауға жол бермеу үшін жасалады. Сонымен қатар, бұл іс-шара су
есептегіштеріне қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмауға мүмкіндік береді, мысалы,
көрсеткіштерді төмендету, өзгерту және т.б.
Анықталған қаржылық шығындарды ағынды суларды тазарту құрылыстарын немесе су
қоймаларының жұмысын жақсартуға, сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін және судың өзі
таза болатындай етіп инженерлік желілерді жаңартуға пайдалануға болатындығын түсіну
маңызды.
Мобильді топ күн сайын 8-10 нысанды тексеруді жоспарлап отыр.
Мобильді топтың құрамына өтім және қауіпсіздік қызметінің мамандары мен заңгерлер
кіреді.
«Астана су арнасы» МКК мамандары арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
фактілері анықталған жағдайда +7 771 417 2618 (WatsApp) нөміріне хабарласыңыз.