«Астана Су Арнасы» МКК мобильді тобы астананың дүкендерін, моншаларын, сауналары мен көлік жуу орындарын тексерді.
Мамандардың назарына 8 нысан ілікті. Тексеру барысында бақылаушылар кәсіпкерлер тарапынан көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, су желілеріне заңсыз қосылу, жұмыс істемейтін су есептегіштері және басқа да өрескел бұзушылықтар.Алайда, «Мобильді топ» дірек айыппұл салмай, ескерту, ұсыныс және кеңес берумен шектелді. Бірақ, бір шартпен, кәсіпкерлер мәселені белгіленген мерзімде шешулері қажет, әйтпесе олар айыппұлдар мен сот шығындарынан құтыла алмайды.
Мұндай рейдтер суды ұрлығын болдырмау, сондай-ақ сапаны бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
Мобильді топ мүшелері өз жұмысын жеке тізілімге енгізілген барлық объектілерді тексергенге дейін жүзеге асырады.
Естеріңізге сала кетейік, егер сіз сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын байқасаңыз, +7 771 417 2618 нөміріне хабарласыңыз.
Құрметпен, «Астана Су Арнасы» МКК әкімшілігі