Компания жаңалықтары

Қорқыту емес, хабардар ету мақсатында: «Астана Су Арнасы» МКК мобильді тобы бір айда 177 астаналық нысанды тексерді.

5768035.jpg

Пломбаның жұлынуы, сумен жабдықтау жүйесіне заңсыз қосылу, суды тұтынғаны үшін төлем жасаудан жалтару - бұл мамандардың рейд кезінде анықтаған ең танымал бұзушылықтар. Сауналар, монша кешендері, көлік жуу және сауда орындарының иелері өз кінәларын мойындап, ақталу үшін түрлі себептерді негізге келтірді.

IMG_20210223_110036_654.jpgIMG_20210223_105614.jpg

Алайда «Астана Су Арнасы» мамандары өз кезегінде кәсіпкерлерді айыппұлмен қорқыту мақсатын көздеген жоқ, керісінше заңды кеңестер берді. Айта кету керек, мобильді топ осы жылдың 18 қаңтарында құрылды. Сол уақыттан бастап мамандар 106 нысанда суды есепке алу құралдарын қайта пломбылаған. 8 нысанда пломбалардың жұлынуы және басқа да бұзушылықтар анықтаған. Әрбір анықталған жағдай бойынша мобильді топ мүшелері акт жазып, келісім шарттары орындалмаған жағдайда нысандар сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінен ажыратылатындығын есекертті.

IMG_20210223_105628.jpgIMG_20210223_105708.jpg

Егер сіз сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын байқасаңыз, +7 771 417 2618 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе WatsApp-қа хабарлама жібере аласыз (жеке бас ақпаратының сақталуына кепілдік береміз).

Құрметпен, «Астана су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілігі.