Қайырлы күн! Бүгін ТШ туралы сөйлесейік
Сумен жабдықтаудың техникалық шарттары (ТШ) жергілікті сумен жабдықтау мекемесінен алынған рұқсат болып табылады. Онсыз сумен жабдықтау / кәріз жүйесіне қосылу мүмкін емес, себебі бұл құжатта қосылуға мүмкіндік беретін жағдайлар мен параметрлер белгіленген.
Сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылудың техникалық шарттарын ақылы және ақысыз негізде алуға болады.
Сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылуға өтініштерді қабылдау және техникалық шарттар беру «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ фронт-кеңселері, «IQala» қалалық қызмет көрсету орталықтары, «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «Астана су арнасы» мемлекеттік мекемесінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
«Астана су арнасына» мекемесінде техникалық шарттарға өтініш бері және оны алу ақысыз болып табылады.
ТШ-ды орындау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды. Анықтама үшін мына телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз: (7172) 76-76-38.
Сондай-ақ, «Астана су арнасы» веб-сайтының «Абоненттер» бөлімінде жаңа нысанға техникалық шарттарды алуға арналған өтінішті (https://www.astanasu.kz/to-client/requirements/) жүктей аласыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ фронт-кеңселері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы және IQala қалалық қызмет көрсету орталықтары арқылы құжаттарды қабылдағаны үшін тұтынушыдан 1160,00 теңге көлемінде ақы алынады. Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.
Сумен жабдықтау және кәрізге қосылу үшін техникалық шарттар алу үшін құжаттар тізімі
Жеке үйлер үшін
1.Абая көшесі, 103 үй, ЦОП 1, абоненттік бөлімнен қарыз жоқ деген анықтама әкелу
2. Жерге берілген акт немесе үй иесінің аты-жөні жазылған үй иесі екендігін растайтын құжат (көшірмесі)
3. Үй иесінің жеке куәлігі (көшірмесі)
Жаңа обьектіге заңды тұлға ретінде техникалық шарттар алу
1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің Құрылыс нысанына берілген жер телімі туралы қаулысы (жер актісі)
2. Орналасқан құрылыстың жағдайлық сызбасы, 1:500, 1:2000 ауқымымен (келісім және таңдау актісі)
3. Белгіленген форма бойынша өтініш, нысанның атауы, кіріктірілген ғимараттар мен сумен жабдықтау және кәріздің күніне қажеттілігі
Пәтердегі қайта құру және қайта жоспарлау мақсатында техникалық шарттар алу
1. Форма бойынша өтініш
2. Орналасқан құрылыс сызбасы, 1:500, 1:2000 ауқымымен (интернетте Нұр-Сұлтан картасы)
3.Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кеңейтілімдер бойынша қаулысы
Кіріктірілген ғимараттар үшін заңды тұлғаларға техникалық шарттар алу
1.Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қаулысы немесе жалға алу, сатып-алу жөніндегі келісім шарт;
2.Орналасқан құрылыс сызбасы, 1:500, 1:2000 ауқымымен (интернетте Нұр-Сұлтан картасы)
3.Форма бойынша өтініш
Уақытша құрылыс нысандарына техникалық шарттарын алу
1. Жер актісі, құрылыс нысанына берілген жер телімі туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы
2. Орналасқан құрылыстың жағдайлық сызбасы, 1:500, 1:2000 ауқымымен (келісім және таңдау актісі)
3. Фирмалық бланкте немесе мөрмен рәсімделген арнайы хат, өтініш
Заңды тұлғалар үшін техникалық шарттардың мерзімін ұзарту
1.Жер актісі, құрылыс нысанына берілген жер телімі туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолданыстағы қаулысы
2.Техникалық шарттың көшірмесі
3.Фирмалық бланкте немесе мөрмен рәсімделген арнайы хат, өтініш
Жеке тұлғалар үшін техникалық шарттың мерзімін созу
1.Техникалық шарттың көшірмесі
2.Арнайы өтініш-хат
КНС құрылысына техникалық шарт
1. Техникалық шарттың көшірмесі
2. Фирмалық бланкте немесе мөрмен рәсімделген арнайы өтініш-хат