Компания жаңалықтары

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА 68 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ ҰРЛАНҒАН 15 ЛЮК САТЫП АЛҒАНЫ ҮШІН ТҰТҚЫНДАЛДЫ

NewTimes.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып, криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 68 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын ұрланған люктерді сатып алғаны үшін тұтқындағанын хабарлайды. 
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам металл сынықтарын қабылдау пунктінде жұмыс істей отырып, люктердің ұрланғанын біле тұра, құны 560 мың теңгені құрайтын 15 кәріз люктерін сатып алған.
Сатып алушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемденіп алу немесе өткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
2020 жылы және 2021 жылдың басында «Астана су арнасы» МКК мамандары 860 кәріз және су люктері мен 3050 қауіпсіздік торларын орнатты. 10 мм металлдық торды орнату - адамның құлап кетпеуінің кепілі. Егер люк ұрланған болса және орны қармен жабылған болса, тор апаттың алдын алуға кепілдік береді.
Күн сайын «Астана су арнасы» МКК диспетчерлері ашық люктерге қатысты 10-ға жуық өтініш қабылдайды. Оған люктерді ұрлау немесе қарды тазалаған кезде люктің қақпағына тиетін қар тазартқыш көліктер себеп болуы мүмкін. Олар қарды тазарту кезінде инспекциялық люктердің қақпағын жұлып алады, бұл апатты салдарға әкеледі. Әдетте, кінәліні табу қиынға соғуы мүмкін.
«Астана су арнасы» МКК әкімшілігі барлық азаматтардан тротуарларда, аулаларда және жол бөлігінде мұқият болуларын сұрайды. Жеке сектордың абоненттеріне де, кәріз және су құбырларына назар аударып жүрген жөн. Себебі биыл көктем айның басында қар қалын жауып айлық мөлшерінің 80%-ын құрады. Егер сіз ашық люктерді немесе олардың жаппай ұрлануына куә болсаңыз, iKomek 109 қызметіне немесе «Астана Су Арнасы» МКК мекемесіне төмендегі  нөмірлер бойынша қоңырау шалыңыз 76-76-76, 76-76-77, 76-76-49, +7 701 4172618.