Уважаемые жители и гости г. Нур-Султан!!!
Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары !!!«Астана су арнасы» МКК 21 мамыр сағат 22:00-ден 22 мамыр 09:00 аралығында сумен жабдықтау желілерінде төменде көрсетілгендей жоспарланған іс-шаралар жүргізілетінін хабарлайды:
1. Б.Момышұлы даңғылы мен Төлебаева көшесінің қиылысында Д = 1000мм жаңа магистральды су құбырын енгізу;
2. Б.Момышұлы даңғылы - Сәтпаев көшесінің қиылысында қысым реттегішін жөндеу;
3. Б.Момышұлы даңғылы 1 үй аумағында шығын өлшегішін ауыстыру жұмыстары.
Осыған байланысты 21 мамыр 22:00-ден 22 мамыр 09:00-ге дейін мына мекен-жайлар бойынша сумен жабдықтау тоқтатылады:
ішінара Есіл ауданында – Мәңгілік ел даңғылы, Nova citу, Заречный, Тельмано және Пригородный тұрғын үй массиві, BI Village / Family Village, Қабанбай батыр даңғылы;
сонымен қатар ішінара Алматы ауданында – Мыңжылдық аллея аумағы, Юго-Восток/оң жағы, Қалдаяқова-Тәуелсіздік-Панфилов-Аманжолов көшелері.
22 мамыр сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты жоғарыда аталған аудандарда су қысымы төмендейді.
Қаламыздың үлкейуіне байланысты аталмыш жұмыстар сумен жабдықтау желілерінің сапасы мен сенімділігін арттыру үшін қажет.
Сізден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, тұрмыстық және ауыз су қажеттіліктері үшін күнделікті су қорын алдын-ала дайындауларыңызды сұраймыз.