Ауыз су тапшылығың болдырмау мақсатындағы жобалар
Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында ауыз су тапшылығын болдырмау үшін төмендегі жобаларды іске асыру жүргізілуде:1. «2030 жылға дейін Астана қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» нысаны бойынша бұған дейін бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес Вячаслав су қоймасынансорғы сүзу станциясына дейін берілетін магистральдық техникалық су құбырының құрылысы жалғасуда;
2. «Интернациональный тұрғын алабында тәулігіне 105 мың м3 жаңа сорғы сүзу станциясын салу» жобасына мемлекеттік сараптама алынды. Бүгінгі таңда құрылысқа дайындық жүріп жатыр. Тапсырыс беруші «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ болып табылады;
3. «Астана су арнасы» МКК 2020 жылы пандемия басталған кезеңде «Индустриялық парктің сорғы сүзу станциясынан бастап ЖЭО-2-ге Д-800мм су құбырына дейін А184 көшесінің бойындағы техникалық су құбырының құрылысы» жобасын әзірледі, ол техникалық су резервуарын сорғы-сүзу станциясының техникалық су резервуарын Нұр-Сұлтан қаласындағы ауыз су резервуарына ауыстырды. 2021 жылдың сәуір айында біздің кәсіпорын құрылысқа кірісті, ал бүгінгі күні жоғарыда аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңа су таратқыш Индустриялық парктің техникалық суының жаңа сорғы станциясының қуатын іске қосады, ол өз кезегінде Есіл өзенінен (Тельманның техникалық ССС) суды тікелей айдайды, осылайша ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 сияқты соңғы стратегиялық нысандардың, сондай-ақ Индустриялық парктің көптеген зауыттарының қажеттіліктерін өтейді, бұл ретте Вячяслав су қоймасынан суды пайдаланбайды;
4. «Астана су арнасы» МКК бұрын әзірленген «Астана қаласында көше су құбыры желілерінің құрылысы, 1-ші және 2-ші кезеңдер (30 учаске)» жобаларының негізінде «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Сарыарқа ауданының (Көктал т.а.) жеке секторында сумен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде.