«Мен қазақша сөйлеймін» конкурсының қорытындысы шығарылды
6 қазанда «Астана су арнасы» МКК-да мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның іскерлік және этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қызмет етуін нығайту мақсатында «Мен қазақша сөйлеймін» мәнерлеп оқу конкурсының қорытындысын шығару және қатысушыларды салтанатты марапаттау бойынша кездесу өтті.
Кәсіпорын «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
30 жылдығына және мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында Қазақстан халқы тілдерінің XXIII қалалық фестивалін өткізу аясында өтіп жатқан акцияны қолдады.
Аталған тіл конкурсы «Астана су арнасы» қызметкерлері арасында үлкен қолдау тапты. Іс-шараға қатысуға кәсіпорынның барлық ірі құрылымдық бөлімшелерінен 19 қызметкер ниет білдірді.
Кездесу барысында конкурс жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Конкурс жеңімпазы болып HR-қызметінің маманы Айжан Исмаилова танылды. Екінші орынды кәріз тазарту қондырғыларының машинисі Наурызбек Тұрдыхан иеленді. Құрметті үшінші орынды бас механик қызметінің слесарі Вячеслав Смирнов жеңіп алды.
1 орын - Айжан Исмаилова, HR-қызметінің маманы
2 орын - Наурызбек Тұрдыхан, кәріз тазарту қондырғыларының машинисі
3 орын – Вячеслав Смирнов, бас механик қызметінің слесарі
Қалған барлық қатысушылар назардан тыс қалған жоқ. Олардың еңбектері алғыс хаттармен және жұбаныш ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 3 орын – Вячеслав Смирнов, бас механик қызметінің слесарі
Конкурстың барлық қатысушыларын іс – шараның табысты өтуімен конкурстық комиссияның төрағасы – «Астана су арнасы» МКК бас директорының өнім өткізу жөніндегі орынбасары Қанат Нұрмағамбетов құттықтап, қазақ әдебиетінің көркем сөзі арқылы ана тіліне деген патриоттық сезімін білдіру және қатысу бастамасы үшін әріптестеріне алғысын білдірді.
Комиссия мүшесі HR-қызметі бастығының міндетін атқарушы Шолпан Қошқарбаева бейнеролик жасауға қатысушылардың күш-жігерін және жан-жақты көзқарасын ескере отырып, үздік конкурстық жұмыстарды іріктеудегі қиындықтар туралы өз әсерімен бөлісті. Ол жұмысты бағалау кезінде комиссия сөйлеу техникасы мен мәдениетінің өлшемдеріне негізделгенін, қазақ тілінің орфоэпиясы мен сингормонизмін, семантикалық жүктемені түсінуді және әдеби шығарманы оқудың экспрессивтілігін түсіндірді.
Қатысушылар дайындығының жоғары деңгейін комиссияның басқа да мүшелері атап өтті.