Компания жаңалықтары

"Астана су арнасы" МКК кәсіподақ комитеті өндіріс озаттарын құттықтады


          Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеу аясында 8 қазанда цехтық кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен және кәсіптік топтармен кездесу өтті. Іс-шара барысында кәсіподақ комитетінің басшысы қатысушыларды қоғамдық бірлестікті дамытуға қосқан үлесі үшін құттықтап, алғыс айтып, бүгінгі таңда «Астана су арнасы» МКК кәсіподақ ұйымы кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін ортақ күш-жігермен лайықты түрде білдіріп, өмір сапасын арттыру, сондай-ақ жұмыс ұжымының еңбек жағдайларын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын атап өтті.

          Ұйымшыл ұжымдық жұмыс үшін кәсіподақ белсенділерінің еңбегі ақшалай сыйақылармен марапатталды. 

.

         Кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің атына Астаналық су торабының бірінші көтерілім сорғыстанциясының бастығы А.М. Байсейітов жауап сөз сөйледі. Амангелді Мұхамедқалиұлы еңбек ұжымына қолдау көрсеткені және қолдағаны үшін алғысын білдірді.


          Соныменқатар, бас механик қызметінің технигі Э.Ж.Туралина алғыс сөзсөйлеп, кәсіпорынның ірі қызметтерінің бірі қызметкерлеріне жүйелі қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді: «сіз біздің қызметке тек жақсы себеппен ғана емес, керісінше, өмірдің қиын сәттерінде де үлкен көмек көрсетесіз. Кәсіпорын басшылығынан салтанатты түрде құттықтаулар алып, жанып тұрған көздерімен келген қызметкерлерді көру өте жақсы». Ол сондай-ақ денсаулық, бақыт, амандық және өркендеу тіледі.