Компания жаңалықтары

Антикор алдын алу мақсатында «Астана Су Арнасы» МКК-ға барды



Алдын алу және ескерту үшін «Астана Су Арнасы» ұжымымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Монолбаев Куаныш Бактыбекович жеке кездесті.

1.JPG

 Спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ профилактикалық әңгімеге қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері және осы қызмет жұмысының негізгі бағыттары түсіндірілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларды анықтау бойынша жүйелі түрде мониторинг жүргізеді, алдын алу бойынша жұмысты күшейту бойынша ұсынымдар енгізеді. Біз қазір парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс күшейтілді», - деді Куаныш Монолбаев.

0C1A5980.JPG


Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік шаралары, олардың туындау себептері туралы айтып, бірнеше мысал келтірді.

«Жаңа заңнамаға сәйкес пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланады», - деп атап өтті Куаныш Монолбаев. Бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюынан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін айыппұлдардың мөлшері де бірнеше есе өсті. Мысалы, егер пара 1 миллион теңгені құраса, мемлекет пайдасына өтеу он миллион теңгеден асады. Азамат Монолбаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлардан алынған ақша мектеп салуға жұмсалады.

Өз кезегінде «Астана Су Арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден комплаенс-офицер Саят Габдуллов барлық ішкі бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасасып, заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізетінін айтты.

2.JPG



Кездесу соңында «Астана Су Арнасы» ұжымына сыбайлас жемқорлықтың жалпы қоғам үшін, оның ішінде әрбір отбасы үшін теріс салдары туралы терең жолдауы бар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік ролик көрсетілді.