Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек сумен жабдықтау және су бұру стратегиялық нысандарын аралады


✅Мәселен Үркер (Ильинка) елді мекенінде нөсер кәрізінің үшінші кезегін жобалау жүріп жатыр. Жобаның қуаттылығы тәулігіне шамамен 45 мың м3 құрайды. Жобаны іске асыру Үркер елді мекенінен, Қорғалжын тас жолынан, т.б. еріген қар және жаңбыр суын бұруды қамтамасыз етеді.


Сол сияқты кәріз-тазарту құрылысын (КТҚ-2) жобалау, инженерлік желілерді жаңғырту, электр қосалқы станцияларын реконструкциялау жүріп жатыр. Бұдан бөлек, ауыз су станциясының (ССС-3), газ жылу станцияларының және т.б. құрылысы жүріп жатыр. Мәселен ауыз су станциясының қуаты (ССС-3) тәулігіне 100 мың текше метрден асады.

