Компания жаңалықтары

Азат Перуашев «Астана су арнасы» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.

Азат Перуашев «Астана су арнасы» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.

Бүгін «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев пен партияның елордалық филиалының жетекшісі Асқар Смағұлов сайлауалды үгіт-насихат аясында «Астана су арнасы» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу аясында «Ақ жол» лидері партияның бағдарламасына тоқталып, жұмысының басым бағыттарын атады.

329741018_199346622683555_1287348234823702395_n.jpg331978743_1113612046099736_6233718453582936629_n.jpg331873743_735202384945118_5275169236608772360_n.jpg332133597_1131896087496193_9067670677047511047_n.jpg
«Ақ жол» партиясы - бұл отандық өндірушілер партиясы. Біз үнемі Парламент мінберінен болсын, жалпы өкілетті органдармен сөйлескен кезде де осы отандық өндірушілерді нақты іс жүзінде қалай қолдау керектігін айтып отырамыз, - деген Азат Перуашев, партия бағдарламасын егжей-тегжей түсіндіріп берді.

Кездесу барасында еңбек ұжымының өкілдері «Ақ жол» төрағасына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды.

Жиналғандардың көпшілігін «Ақ жол» демпартиясының жемқорлықпен күрес, әсіресе, шетелге заңсыз шығарылған халыққа тиесілі қыруар қаржыны елге қайтару бағытындағы атқарып жатқан жұмыстары қызықтырды.

Сондай-ақ, кездеуге қатысушылардың бірі ауылшаруашылығын дамыту мәселесі өзін толғандыратынын айтып, сауал қойды.

- Біздің бағдарламамыздың «Нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау» атты бесінші бөлімінде бұл мәселеге де жіті тоқталғанбыз. Ауыл шаруашылығын қолжетімді қаржыландыру үшін Агробанк құрып, барлық ауылдық жерлерде филиалдарын ашу керек деп санаймыз, - деп жауап берді «Ақ жол» басшысы.

Еске сала кетейік, Ұлытау өңірінен, әйгілі Жошы хан кесенесіне зиярат етуден жұмысын бастаған «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды үгіт-насихат тобы осыған дейін Қарағанды облысының, Теміртау қаласының еңбек ұжымдары және кәсіпкерлерімен, жергілікті ақсақалдармен кездесулер өткізді.