Жаңалықтар

«Астана Су Арнасы» МКК-да «Наурыз» мерекесіне орай халық серуені өтті.

«Астана Су Арнасы» МКК-да «Наурыз» мерекесіне орай халық серуені өтті. Іс-шара кәсіпорын аумағында өтті, Кәсіпорынның кіреберіс бөлігіне сахна орнатылды. Мерекеге 500-ге жуық қызметкер қатысты, оның ішінде олардың отбасы мүшелері де болды. Ал оларды құттықтауға танымал қазақстандық әнші Қайрат Баекенов келді.

0C1A6341.JPG
0C1A6385.JPG

Концерттік кездесу Астана қаласы ардагерлер қалалық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловтің, «Астана су арнасы» МКК ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ысқақовтың, Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбековтің, «Астана су арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабденнің және кәсіподақ комитетінің төрағасы Күмісжан Бектасованың құттықтау сөздерімен басталды.

0C1A6354.JPG
0C1A6364.JPG

Дәстүр бойынша Наурыз мерекесі күндері «Астана су арнасы» МКК-да лотерея билеттерінен ұтыс ойыны өткізілді. 2023 жылы барлығы 65 бағалы сыйлық, соның ішінде электр шайнектері (12 дана), шаш кептіргіштер (6 дана), үтіктер (6 дана), блендер (6 дана), араластырғыштар (6 дана), ет тартқыштар (6 дана), шаңсорғыштар (6 дана), микротолқынды пештер (6 дана), ұялы телефондар (6 дана), велосипедтер (балаларға арналған - 1 дана, ересектерге арналған - 1 дана), кір жуғыш машина (1 дана), теледидар (1 дана), тоңазытқыш (1 дана) және 180 адам 2000 теңге көлемінде жұбаныш сыйлықтарын алды.


0C1A6449.JPG

0C1A6446.JPG
0C1A6338.JPG
0C1A6503.JPG

 0C1A6572.JPG

0C1A6579.JPG

0C1A6582.JPG

0C1A6585 (1).JPG



Бұл күні Наурыз мерекесі сәтті өтті, қызметкерлер би, әндер мен ойындарды қамтитын жарқын концерттік бағдарлама көрсетті. Іс-шара соңында қызметкерлерге дәмді палау, бауырсақтар мен тәттілер ұсынылды.


0C1A6591.JPG

0C1A6622.JPG

0C1A6626.JPG

0C1A6465.JPG0C1A6467.JPG