"Суды сақтандыру" операциясы: су тапшылығымен күресу үшін 43+53 млн. м3 су айдалады"
Құрметті абоненттер!Биыл қыста қардың жетіспеушілігінен және жазда жаңбырдың жетіспеушілігінен біздің аймақта құрғақшылық пен су тапшылығы пайда болды.
Астана су қоймасының деңгейін арттыру үшін Сәтпаев атындағы каналдан біздің қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ететін Есіл өзенінің арнасына су айдау туралы шешім қабылданды.
2023 жылдың 17 тамызынан бастап каналдан су айдау сәтті басталды.
Ағымдағы жылдың соңына қарай Есіл өзеніне 43 миллион текше метр және Нұра өзеніне 53 миллион текше метр су тасымалдау жоспарлануда.
https://youtube.com/shorts/UCJVcDRMp3Q?feature=share