"Астана Су Арнасы" мобильді бригадасы заңды тұлғаға шартты қайта жасаспағанына қарамастан, жеке тұлғалардың тарифтері бойынша суды пайдалануды жалғастыратын ғимараттарда ажырату жұмыстарын жүргізе бастады.
«Астана су арнасы» өнім өткізу қызметінің бақылаушылары Жылыой көшесі, 1/1 және Ақбаян көшесі, 20 бойынша заңды шарт жасаспай заңсыз кәсіпкерлік қызметті тапты. Кәсіпкерлер тарапынан мұндай іс-әрекеттер қаланы сумен жабдықтауға нұқсан келтіреді.
Өйткені бұл ауыз суды ұрлауға жатады. Балабақша мен жатақхана иелері заңға қатысты мәселелерді болдырмау және сумен жабдықтауға қол жетімділікті сақтау үшін заңды тұлғаға шұғыл түрде келісімшарт жасасуы керек.