-Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы технологиялық әріптестік: су ресурстары саласындағы жаңа белестер
Халыққа жаңалықтар
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы технологиялық әріптестік: су ресурстары саласындағы жаңа белестер
"Астана су арнасы" МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден және "K-water" Корей су ресурстары корпорациясының атынан Бас басқарушы директор Юнг Хо Ан технологиялық және инновациялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл кездесуге сондай-ақ "Turbowin" үрлегіш өндірушісі, "Jain Technology" өлшеу аспаптарын өндіруге маманданған компания және "Entertork"электр жетектерін өндіру зауытының өкілдері сияқты әйгілі корей компанияларының өкілдері қатысты. Бұл маңызды қадам "Астана су арнасы" МКК өндірістік объектілерінде корей зауыттарында өндірілген жабдықтарды тестілеуді қамтитын пилоттық жобаны іске асырудың бастамасын білдіреді. Келесі кезең Оңтүстік Кореядан келген делегация "Астана су арнасы" МКК-нің нақты инженерлік қызметіне көз жүгірте алатын практикалық учаскеде таныстыру және пікір алмасу болды. Ақыры, 2023 жылдың 7 қарашасында тараптар бірлесіп "Jain Technology" шығарған екі шығын өлшегішті орнатып, ретіне келтірлі. Бұл бірлескен инновациялар мен технологиялық дамудың тағы бір қадамы болды. Мұндай оқиғалар технологиялар әлемінде халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетеді және бұл жаңа жетістіктер мен инновацияларға апаратын жолдың бастамасы ғана болып табылады.