Сіңірген зор еңбегі үшін: “Астана су арнасы” МКК үздік қызметкерлерді атап өтуде
"Астана су арнасы" МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден кәсіподақ комитетімен бірлесіп әріптестерін өткен Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті. Алдымен Табиғат Зейнулқабден кеңесші Виктор Шеферді "Еңбек ардагері" атағымен құттықтады.
Содан кейін ол жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы Назира Смайыловаға, HR-қызметінің жетекшісі Шамшигуль Усеноваға, сондай-ақ кәсіподақ комитетінің төрағасы Кумисжан Бектасоваға кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті. Табиғат Зейнұлқабден әріптестеріне зор денсаулық, жұмыста табыс, үлкен жетістіктер тіледі.