Халыққа жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде «Астана су арнасы» мобильдік тобы "Shaurma Food" кешеніне тексеру жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде «Астана су арнасы» мобильдік тобы Мұхамедханов 19а мекенжайы бойынша шаурманың белгілі сату нүктелерінің бірінде тексеру жүргізді.

Есептеу құралын ауыстыру туралы акт жасалды. Сондай-ақ, аумақта автокөлік жуу орны бар, ол үшін иесіне айналмалы сумен жабдықтау жүйесін орнату туралы нұсқама берілді.

«Астана су арнасы» МКК барлық кәсіпкерлерге сумен жабдықтауды жауапкершілікпен пайдалануға және барлық қажетті техникалық талаптар мен нормаларды сақтауға шақырады.
https://youtube.com/shorts/Pq9Zh5BsYks