Халыққа жаңалықтар

Су есептегіш құрылғысын пломбалау жайлы не білуіміз керек?

Тұтынушылардың сұрақтары!

Жеке тұлғалар үшін:

1. Су есептегішін пломбалау дегеніміз не және ол жеке тұлғаларға не үшін қажет?
Су есептегіштерін пломбалау — бұл су есептегіш құралдарын коммерциялық есепке қою, су және канализация қызметтеріне нақты шығындар бойынша есеп айырысу үшін қажетті шара. Бұл шара су үнемдеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Жеке тұлғалар үшін су есептегішін пломбалауға қандай құжаттар қажет?
Су есептегіштерін пломбалау үшін су және кәріздендіру қызметтері бойынша келісімшарт жасау қажет, ал тексеруші келгенде есептегіштің паспорты немесе тексеру сертификаты болуы тиіс.
3. Жеке тұлғаларға су есептегіш құралдарын пломбалаумен кім айналысады?
Пломбалаумен «Астана су арнасы» МКК-ның тексерушілері және жаңа тұрғын үйлерде келісімшарт бойынша мердігер ұйымдар айналысады.
4. Жеке тұлғалар пломбаны өз бетінше алып тастай ала ма?
Тұтынушылар пломбаны алып тастау үшін учаске тексерушісін шақыруы керек, себебі пломбаны өз бетінше алып тастау пломба бүтіндігін бұзады және қосымша төлем жасауыңызға әкеліп соғады.
5. Жеке тұлғалар үшін су есептегішіндегі пломбаның бұзылуына қандай айыппұлдар қарастырылған?
Су есептегіштеріндегі пломбаның бұзылуына байланысты пломба бүтіндігін бұзғаны үшін қосымша есептеу қарастырылған. Есептеу көлемі есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
6. Апат болған жағдайда пломбаны алып тастау қажет болса не істеу керек?
Бұл жағдайда Call-орталыққа 270-370, апаттық-диспетчерлік қызметке 76-76-76 немесе iKomek қызметіне 109 нөміріне хабарласу, учаске тексерушісін шақыру және қайтадан пломбалау үшін тіркелу қажет.
7. Жеке тұлғалар үшін су есептегіштерін пломбалауға қандай міндетті талаптар қарастырылған?
Орнатылған есептегіштердің су есептегіш құралдарын таңдау, монтаждау және пайдалану ережелеріне және Су кодексінің техникалық талаптарына сәйкестігі қажет.


Заңды тұлғалар үшін:

1. Су есептегішін пломбалау дегеніміз не және ол заңды тұлғаларға не үшін қажет?
Суық және ыстық су есептегіштерін коммерциялық есепке қою.
2. Заңды тұлғаларға су есептегішін пломбалауға қандай құжаттар қажет?
Кәсіпорын мен тұтынушы арасында жасалған типтік келісімшарт және есептегіштің техникалық паспорты қажет.
3. Заңды тұлғалар су есептегіштердегі пломбаларды өз бетінше алып тастап, орната ала ма?
Жоқ, пломбаларды тек «Астана Су Арнасы» МКК қызметкерлері ғана орната алады.
4. Заңды тұлғалар үшін су есептегіштерін пломбалаумен кім айналысады?
Пломбаларды «Астана Су Арнасы» сату қызметінің инженерлік-техникалық тобының инженерлері мен тексерушілері орнатады.
5. Заңды тұлғалар үшін су есептегішіндегі пломбаның бұзылуына қандай айыппұлдар қарастырылған?
Айыппұлдар көрсетілетін қызметтердің есептеу әдістемесі мен типтік келісімшарт негізінде белгіленеді.
6. Заңды тұлғалар су есептегішіндегі пломбаларды қаншалықты жиі тексеруі керек?
Нақты көрсеткіштерді алу кезінде пломбаларды визуалды түрде әр үш ай сайын тексеруге болады.
7. Заңды тұлғалар үшін су есептегішіндегі пломба бүлінген немесе мүлде жоқ болған жағдайда, не істеу керек?
Қайта пломбалау үшін өтініш беру немесе кәсіпорынның мекенжайына жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.
8. Заңды тұлғалар үшін су есептегіштерін пломбалауға қандай міндетті талаптар бар?
Бірінші кезекте, есептегіштің метрологиялық класы «С» болуы керек және есептегішті пломбалау мен деректерді алу үшін ол жарық әрі қолжетімді жерде орнатылуы тиіс.