Дифференциалды тариф: су ресурстарын үнемді қолдануға жасалған қадам!
Құрметті абоненттер!
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанада суға дифференциалды тариф енгізіледі. Енді судың құны тұтыну көлеміне байланысты өзгереді: суды қаншалықты көп пайдалансаңыз - қосымша көлемге тариф соншалықты жоғары болады.
Дифференциалды тарифті енгізудің басты мақсаты — суды үнемді тұтыну және қаладағы су жүйесінің сапасын жақсартуға жағдай жасау.
Бұл сізге қалай тиімді?
Егер суды үнемді пайдалансақ, төменгі тариф бойынша төлейсіз! Бұл суды пайдалану жүйесіне түсетін жүктемені азайтып, барлық тұрғындарға су сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Маңызды ақпарат!
Үйіңізде немесе пәтеріңізде тұратын адамдар саны туралы ақпаратты жаңартып, келісімшартты қайта рәсімдеңіз. Бұл есептеулердің дұрыс болуын қамтамасыз етіп, түсініспеушіліктердің алдын алады.
«Астана Су Арнасы» қызмет көрсету кеңселеріне өтініштерді беруіңізге болады.
Суды үнемді тұтынуға жауапкершілікпен қарап, шығынды азайтайық!
Құрметпен, МКК «Астана Су Арнасы»