«Борышты өсімпұлсыз төлеу»: акциясы
Астана қаласы әкімдігінің «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай 2024 жылғы 1 желтоқсаннанбастап 31 желтоқсанға дейін жеке және заңды тұлғалар үшін «Борышты өсімпұлсыз төлеу» акциясын іске қосады.
Акция аясында су және кәріз қызметтері үшін берешекті толық өтеген жағдайда, пайда болған өсімпұл есептен шығарылады.
Өсімпұлды есептен шығару үшін тұтынушыларға «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК есептік-абоненттік учаскелеріне өтінішпен және төлем түбіртегінің көшірмесімен жүгіну қажет.
Құрметпен,
«Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК әкімшілігі