Халыққа жаңалықтар

Крот-машинаның кәріз жүйесін тазалаудағы рөлі!

Кәріз желілерінің ұзақ уақыт бойы сапалы әрі қалтқысыз жұмыс жасауы үшін оларды әрдайым тазалап отырған абзал. Осындай маңызды істе «Астана су арнасы» мамандарына арнайы жабдықталған техника, яғни крот-машина қолғабыс болады.

Крот-машина аулалар мен кварталдар арасындағы кәріздік коллекторларды тазалауға арналған. Ол құбырлардағы бітелулер мен ластануды тиімді түрде жойып, осылайша кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мұндай техника құбырлар ішіне терең еніп, күрделі бітелулерді де шешуге мүмкіндік береді.

Крот-машинамен тазалау кәріз жүйесінің қызмет ету мерзімін ұзартады әрі оның жұмысын тұрақты және қауіпсіз етеді. Сонымен қатар, апаттық жағдайлардың да алдын алуға пайдасын тигізеді.

Қала тұрғындарына кәріз жүйесін дұрыс пайдаланып, құбырларға тұрмыстық қалдықтар мен басқа да заттарды тастамауларын сұраймыз. Бұл өз кезегінде қала инфрақұрылымының ұзақ әрі дұрыс жұмыс жасауына сеп болады.