-МКК «Астана Су Арнасы» жаңа бас директоры тағайындалды
Халыққа жаңалықтар
МКК «Астана Су Арнасы» жаңа бас директоры тағайындалды
МКК «Астана Су Арнасы» жаңа бас директоры тағайындалды!
Кәсіпорынның бас директоры болып Елжасов Абылай Аралбайұлы тағайындалды. Бұған дейін ол бас инженер – бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Абылай Аралбайұлы су жеткізу және су бұру саласында 35 жылдан астам тәжірибеге ие, оның 25 жылын «Астана Су Арнасы» кәсіпорнының дамуына арнады. Оның басшылығымен елордадағы су жүйесін жақсартуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.
Кәсіпорын ұжымы Абылай Аралбайұлын жаңа лауазымымен құттықтап, оның кәсібилігі мен басқарушылық тәжірибесі компанияның одан әрі дамуына және қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге үлес қосатынына сенім білдіреді.
Жаңа қызметінде сәттілік пен толағай табыс тілейміз.