Халыққа жаңалықтар

"Астана Cу Арнасында" роботтар-барлаушылар жұмысын бастады

"Астана Cу Арнасында" роботтар-барлаушылар жұмысын бастады 


Роботы-разведчики начали работу в "Астана су арнасы" - Informburo.kz

Қазақстанда ғарыш техникасын өндірушіден алынған алғашқы жабдық "Астана Су Арнасына" сумен жабдықтау желілеріндегі авариялық жағдайларды болдырмауға көмектеседі.


Мониторлар, ондаған кнопкалары бар жұмыс панельдері, джойстиктармен жабдықталған, электроникаға толы шағын автобустан бір уақытта айға, жауынгерлік кемеге, өздігінен жүретін бластер мен трансформерлерге ұқсас төрт құрылғы шығып қатар-қатар ұқыпты тұрды.

Инженер службы диагностики сетей Евгений Бабаев

Желілерді диагностикалау қызметінің инженері Евгений Бабаев 


Жаңа никелі жарқырап, кенеттен роботтардың бірі алға жылжып, мойынын созып, объективін жан-жақа бұрап, жарықдиодтарын жыпылықтатты, бүктелді де бір орында қатып қалды. Ал автобустың ішінде, мониторға кебір деректер шығып, робот-барлаушыны қоршаған кеңістік айқын көрінді.


Сумен жабдықтау және кәріз желілеріне осы шағын ақылды машиналардың барлығының қандай қатысы бар? Ең тікелей. Ғарыш және атом өнеркәсібі үшін техника өндірушіден осы фантастикалық құрылғылар енді астаналық су желілерінің игілігі үшін қызмет ететін болады.

Бұның барлығы диаметрі 100-ден 2000 мм-ге дейінгі құбырлардың бейне диагностикасына арналған "Ұтқыр телеинспекциялық зертхана" деп аталады. Бұл роботтар құбыр ішінде жүреді, жүзеді және сканерлейді. Өздігінен жүретін құрылғыларды басқару, деректерді жинау, оларды талдау ұтқыр басқару блогымен немесе шағын автобуста стационарлық түрде жүзеге асырылады.


Нәтижесінде, көшелерде ауқымды қазба жұмыстарын жүргізбей-ақ, құбырдағы жарылу орнын, зақымдану көлемі мен сипатын анықтауға болады. Ескі коммуникацияларда телеинспекциядан кейін алдын алу жұмыстарын жоспарлауға ыңғайлы. Соңғы кездері жаңа желілерде үлкен проблемалар бар. Пластикалық гофрленген құбырларды қолдануға көшу оларды салудың тиісті технологиясымен сүйемелденуі тиіс. Алайда құрылысшылар ҚНжЕ мен ГОСТ-қа қатысты талаптарды әрдайым орындай бермейді. "Астана Су Арнасы" мамандарына жаңа ғимаратты іске қосар алдында желілерді жүргізу сапасын тексеруге тура келеді. Роботтардың көмегімен телеинспекция жүргізіледі – құбырлардың зақымдануы, деформациясы, түйіспелердің тығыздығы анықталады, көлбеуді автоматты түрде анықтау арқылы трассаның дұрыс салынғандығы тексеріледі. Құбырдың барлық ішкі бейнесі мониторға беріледі. Нәтижесінде құбыр салушылар өз қателіктерін көріп, оларды бірден түзетуге мәжбүр.

– 

Құрылыстарды пайдалануға беру кезінде желілерді телеинспекциялау қажет, өйткені соңғы уақытта құбырларды дұрыс төсемеумен байланысты авариялық жағдайлар жиілеп кетті. Шамасы, Техникалық қадағалау өз қызметтерін атқара алмайды,– деп атап өтті АСА желілерін диагностикалау қызметінің бастығы Диас Қарабалин.

Начальник службы диагностики сетей Диас Карабалин

Диагностикалау қызметінің бастығы Диас Қарабалин 


Сонымен қатар, мұндай күрделі, қымбат жабдық оңай және кенеттен сатып алынбайды: арнайы аспаптармен жұмыс істеу тәжірибесі жинақталуы тиіс. Бірақ АСА өзінің инвестициялық бағдарламасы бойынша сатып алатын еңбек құралдарына қаржыны үнемдемейді. Қазіргі таңда арнайы құралдарсыз тиімді жұмыс істеу мүмкін емес. Бұдан басқа, Астанада құрылыстың жоғары қарқыны еңбек өнімділігінің өсуі түрінде коммуналдық қызметтерден барабар жауаптың болуын болжайды.


2008 жылдан бастап "Астана Су Арнасында" қазіргі заманғы техника кереметінің ізашары, телеинспекция зертханасы жұмыс істеді. Олардың көптеген функциялары ұқсас, бірақ моральдық және физикалық ескіруі байқалады. Сонымен қатар, қалаға бір жылжымалы бейне диагностика аз. Сондықтан көптеген көршілес елдерде жоқ жаңа әзірлемені сатып алу шешімі қабылданды. Жаңа зертхана "!ескі" данасынан ерекшеленеді, себебі электроникада 10 жыл – тұтас дәуір. Қазіргі жылжымалы денедиагностикада деформация орындары анықталады, лазерлік сканерлеу арқылы – су деңгейі, бүгілу бұрышы, қабырғалардағы шөгінділердің өлшемдері, құбыр ішіндегі кез келген объектілер сияқты барлық өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, бұл кешеннің: қажет болған жағдайда нақты және қажетті тапсырманы орындауға қабілетті құрылғыны біріктіруге болатын модульдерден құрылуы, оның ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Осындай техникамен жұмыс істеу үшін қызметкерлерді оқытуға тура келді.

Инженер службы диагностики сетей Евгений Бабаев

Желілерді диагностикалау қызметінің инженері Евгений Бабаев 


- Барлығы осындай жабдықтармен жұмыс істей алмайды. Мұнда бір оқыту аз, адам ойлануға, үйренуге ерінбеу керек. Сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның қазіргі қызметкері – өзекшені үлкен балғамен ұрып тұратын еркектің бейнесі емес. Бұл техникалық сауатты, электрониканы, бағдарламалық қамтамасыз етуді білетін адам, – деп атап өтті диагностика қызметінің инженері Евгений Бабаев.

https://informburo.kz/special/roboty-razvedchiki-nachali-rabotu-v-astana-su-arnasy.html