Халыққа жаңалықтар

СПОРТТЫҚ ЖЕҢІСТЕР ҚОРЖЫНЫНА – ҚҰРМЕТТІ МАРАПАТТАР

СПОРТТЫҚ ЖЕҢІСТЕР ҚОРЖЫНЫНА – ҚҰРМЕТТІ МАРАПАТТАР

Почётные награды – в копилку спортивных побед - Informburo.kz

Спорттық жеңістер қоржынына – құрметті марапаттар

Кеше Астанада энергия кешені кәсіпорындары мен коммуналдық ұйымдарының IV Спартакиадасы аяқталды.

"Астана су арнасы" МКК спортшылар командасы командалық есепте үздік үштікке кірді.


Қаланың энергокешендері мен коммуналдық ұйымдары кәсіпорындарының IV Спартакиадасы Астананың 20 жылдығына және кәсіби мереке – Энергетика күніне орайластырылды. Спорттық жарысқа жеті ұйымнан 500-ге жуық спортшы қатысты. Биыл спартакиада "Астана-АЭК" базасында өтті.

Бір ай бойы спортшылар спорттың жеті түрі бойынша жарысты: мини-футбол, волейбол, бильярд, үстел теннисі, шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ (осы спорт түрі биыл бірінші рет жарыс бағдарламасына кірді). Бұл ретте кейбіреулері бірнеше спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты.


Ұйымдастырушыларға осы жарыстар үшін алғыс айтқым келеді, барлығы жоғары деңгейде өтті. Қатысушыларға және қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рахмет. Спорт – бұл тек жоғары жетістіктер, жеңіс пен рекордтар ғана емес, ең бастысы, өз әлеуетін пайдалану, алға жылжу, жетілдіру мүмкіндігі. Және мұндай жарыстар бұған септігін тигізеді – деді "Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Табиғат Зейнұлқабден.


- Спартакиада бәсекелі және достық жағдайда өткенін ерекше атап өткім келеді. Өйткені мұндай іс-шаралар тек спортқа деген сүйіспеншілікті ғана емес, қызметкерлердің командалық рухын және ұйымшылдығын қалыптастырады,– деп атап өтті "Астана-РЭК"АҚ ұйымдастырушы-компанияның басқарма төрағасы Александр Павлов.– Ойын барысында барлық спорт алаңдарында достық пен серіктестік атмосферасы орнады,

Ия, шын мәнінде солай болды. Марапаттау рәсімі алдында бізбен сұхбаттасқан спортшылардың барлығы осы жарыстың ұжымды біріктіргендігін басты ерекшелік ретінде атап өтті. Тек бір кәсіпорын ұжымын ғана емес, барлық коммуналдық қызметкерлер ұжымын біріктірді. Спорттық аренадағы басқа ұйымдардағы әріптестерімен жарысып, олар өмірде нағыз дос болды.


"Астана су арнасы" командасының спорттық жеңістерінің қоржынында енді бильярд жарыстарынан бірінші орын, футбол, шахмат және үстел теннисі бойынша үш екінші орын, тоғыз құмалақ жарыстарынан үшінші орын алды. Жалпы командалық есеп бойынша "Астана су арнасы" МКК командасы үшінші орынға ие болды.


– Өткен жылы біз осындай спартакиада ұйымдастырдық, – деп атап өтті "Астана су арнасы" МКК кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұрат Темірболатов. – Біздің кәсіпорында спортқа ерекше көңіл бөлінуде, жаттығу үшін тамаша зал бар, дене шынықтыру дайындығына барлық жағдай жасалған, біздің қызметкерлер спорттың әр түрімен шұғылданады. Біздің балалар тырысты, көп жаттығу жасады, лайықты өнер көрсетті. Әрине, әрқашан жақсы нәтижелерге қол жеткізгің келеді, бірақ алдымызда жетістіктерге ұмтылуға негіз бар.