Халыққа жаңалықтар

Астанада ағынды сулар қайда төгіледі?

«Астана Су Арнасы» МКК ағызу пунктерінің жұмысын тұрақты бақылап, ағынды суларды қабылдаудың хронометражын тіркейді. Бұл су ағызу жүйесінің тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз объектілердің жүктемесін бақылап, тұтынушылардың ұсыныстарын ескере отырып, өзгерістерге жедел әрекет етеміз.


Астана қаласында ассенизаторлық машиналарға арналған бес арнайы қабылдау пунктері жұмыс істейді. Олардың жұмысы ағынды суларды үздіксіз қабылдауды және шығарылатын көлемдерді бақылауды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған.


Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қабылдау пунктері:

• Байқоңыр ауданы, Автоматика көшесі, КНС 28

• Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы

• Есіл ауданы, Коргалжын тас жолы, 47 үй

• Сарыарқа ауданы, Коктал-1 тұрғын алабы, «Тұлпар» ат клубының маңы

• Алматы ауданы, Байырқұм және Кошкарбаева көшелерінің қиылысы, «Сороковая» станциясы маңы


Сонымен қатар, Астрахань тас жолы бойында жаңа қабылдау пунктерін салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бар қабылдау пунктерінің жүктемесін азайтып, Коктал ауданындағы тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.